Skip to content

Тәуелсіз жұмысшылар ұйымдарына тұрақты қысым көрсетудің қазақстандық мысалы

Article by Mihra Rittmann

September 30, 2021

Тәуелсіз жұмысшылар ұйымдарына тұрақты қысым көрсетудің қазақстандық мысалы

Осыдан он жыл бұрын жазда Қазақстанның батысындағы жүздеген мұнайшылардың жұмыс берушілермен болған қақтығысы елдің жаңа тарихындағы ең ұзақ және ең ауыр ереуілдердің бірі ретінде қалды. Жеті ай бойы шешімі табылмаған жұмысшылардың ереуілі – 2011 жылдың желтоқсан айының ортасында қантөгіспен аяқталды. Сол кезде полиция мен үкіметтің қарулы күші әскерлері жұмысшылар мен басқа да қатысушыларға оқ жаудырып, кемінде 12 адам қаза тапты. Бірнеше айдан кейін билік ондаған адамдарды соттады, олардың арасында белсенді жұмысшылар да бар. 2014 жылдың маусымында және 2015 жылдың қарашасында үкімет кәсіптік одақтардың жаңа репрессивті заңдарын және жұмысшылардың ұйымдастыру, ұжымдық келісімдер мен ереуілдерге құқықтарын шектейтін жаңа Еңбек кодексін қабылдады. Содан бері Қазақстан билігі тәуелсіз кәсіптік одақтарға қарсы күресті бастады, нәтижесінде кәсіптік одақтар белсенділері саяси себеппен айыпталып, кәсіптік одақтар қызметіне тыйым салынды, ал тәуелсіз кәсіптік одақтар мен конфедерациялар жабылды немесе уақытша тоқтатылды.

 

Бұл эсседе 2011 жылдың жазында Жаңаөзенде болған оқиғаға қысқаша шолу жасалып, кейіннен Қазақстандағы тәуелсіз кәсіптік одақтардың жойылуына әкеліп соқтырған тәуелсіз кәсіптік одақтарға қарсы күш қолданылуы туралы егжей -тегжейлі баяндалады және Қазақстан үкіметіне ұсыныстармен аяқталады.

 

2011 жылғы мұнайшылар ереуілі

2011 жылдың мамырында Батыс Қазақстандағы үш жеке компанияның екі мыңнан астам мұнайшысы ереуілге шығып, еңбекақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.[1] Бұл үш ереуіл бір жарым айдан жеті айға дейін созылды. Жергілікті сот ереуілді заңсыз деп тапты, себебі олар аяқасты басталды (ереуілдің құқықтық талабына сай емес) және билік ереуілдің жетекшілері деп санайтын адамдарға әкімшілік айыппұл салды. Human Rights Watch (HRW) ұйымы қазақстандық биліктің кәсіптік одақтардың заңды талабына жауап ретінде халықаралық еңбек және адам құқықтары туралы заңдарды қалай бұзғанын құжаттады[2]  және кәсіптік одақтар заңгері ретінде ол жұмысшылармен жалақы теңсіздігі туралы сөйлескені үшін «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен алты жылға заңсыз түрде бас бостандығынан айырылды.[3]

 

Үкімет ереуілді және ереуілге шыққан жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығаруды тоқтатуға тырысқанымен, жүздеген жұмысшылар оған құлақ аспады. Қазақстандағы ең ұзаққа созылған ереуіл, сайып келгенде, 2011 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды, Жаңаөзеннің орталық алаңында қақтығыстар басталып, оған жауап ретінде полиция мен үкіметтің қауіпсіздік күштері мұнайшылар мен сол жерге жиналған басқа адамдарға оқ жаудырды. Жалпы, ресми мәліметтер бойынша, кем дегенде 12 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Бас прокуратураның мәліметінше, қақтығыс кезінде тағы үш адам қаза тапты: екеуі дене жарақаты салдарынан және бір адам өрт салдарынан, ал қақтығыс барысында ондаған полиция қызметкері жараланды.[4]

 

HRW хаықаралық ұйымы зорлық-зомбылықтан кейін Жаңаөзенде адамдарға жасалған қатыгез қарым-қатынас пен азаптау туралы маңызды және сенімді ақпараттарды тіркеді, соның ішінде полицияда қамауда болған кезде алған жарақаттан қайтыс болған 50 жасар ер адам туралы мәліметтер де бар.[5] Содан кейінгі айларда билік ашық түрде қарсы шыққан мұнайшылар мен басқаларын зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін тұтқындады және қудалады. Ұсталған 37 адамның барлығын дерлік соттады, олар құқық қорғау органдары қызметкерлері азаптады деп айыптағанына қарамастан, оларды өзіне немесе басқаларға қарсы куәлік беруге мәжбүрледі.[6] Билік келесі айларда саяси оппозиция өкілдерін қудалап, тәуелсіз және оппозициялық БАҚ -ты жауып тастады.[7]

 

Бұл оқиғалар жоғары билік өкілдерін, соның ішінде Қазақстан президентінің өзін еңбек қатынастарына назар аударуға итермеледі. Еңбек және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жұмысшылардың кәсіптік одақтар құру құқығын қорғау үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізудің орнына, Қазақстан билігі тәртіпсіздіктер үшін жұмысшыларды жазалады және кәсіптік одақтардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі шаралар қабылдады. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың шілдесінде көпшілік алдында берген түсініктемесінде әлеуметтік және еңбек дауларын қоздыратын адамдарды «арандатушылар мен паразиттер» деп атап, заң шығарушыларға кәсіптік одақтар туралы жаңа заң жобасын жасауды тапсырды.[8] 2014 жылдың маусымында кәсіптік одақтардың жаңа қатаң заңы қабылданды, ол тәуелсіз жұмысшылар ұйымдарын қудалауға жол ашты.[9]

 

Қазақстандағы тәуелсіз кәсіптік одақтардың жойылуы

2014 жылғы кәсіптік одақтар туралы заң жұмысшылардың бірігуіне және кәсіптік одақтар құруға мүмкіндіктерін шектеді және Қазақстан билігінің жұмысшылар ұйымына ықпалын арттырды. Осы сәттен бастап барлық қолданыстағы кәсіптік одақтар жаңа және күрделі екі сатылы тіркеу процесі бойынша заң қабылданғаннан кейін бір жыл ішінде Әділет министрлігінде қайта тіркелуі керек болды. Заң сонымен қатар жергілікті кәсіптік одақтардың өнеркәсіптік одаққа қосылуын және кәсіптік одақтардың конфедерациясы немесе федерациясы сияқты жоғары кәсіптік одақтар органына қосылуын талап ететін мүшелікке міндетті талап енгізді. Міндетті мүшелік талабы кәсіптік одақтардың өз құрылымын еркін анықтау құқығын қорғайтын еңбек құқықтарының халықаралық стандарттарын толығымен бұзады.[10]

 

Тіркеу талаптары Қазақстанда құрамындағы мүше саны аз тәуелсіз кәсіподақтарды қайта тіркеуді қиындатты. Елдің ең ірі тәуелсіз ұлттық кәсіподағы, «Қазақстанның еркін кәсіподақтар конфедерациясы» (ҚЕКК),  заңның географиялық және өкілдік талаптарына сәйкес келмеді. Әділет министрлігі Қазақстанның еркін кәсіподақтар конфедерациясының (ҚЕКК) бірнеше рет жасаған шынайы талпыныстарына қарамастан, оларды қайта тіркеуден бас тартты. [11]  ҚЕКК президенті Лариса Харьковская 2016 жылы HRW-ке берген сұхбатында ҚЕКК-ке қосылғысы келген өнеркәсіптік деңгейдегі бірде-бір кәсіптік одақ сол жылы қайта тіркеуден өтпегенін айтты. [12]

 

Содан кейін ҚЕКК Қазақстан Республикасы Тәуелсіз кәсіптік одақтар конфедерациясы (ҚРТКОК) деген жаңа атаумен тіркелуге өтінім берді. 2016 жылдың ақпанында ҚРТКОК тіркеу процесінің бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Тіркеу процесін аяқтау үшін ҚРТКОК әлі де ұлттық кәсіподақ мәртебесін растауы қажет болды. Тіркеудің қатаң талаптары мен уақыт шектеулері ҚРТКОК пен оның төменгі деңгейдегі еншілес ұйымдары жаңа тіркеу талаптарын орындауға, заңды сақтауға қиналды.

 

2016 жылдың желтоқсанында Әділет министрлігі ҚРТКОК-ты елдегі кәсіптік одақтардың шектеулі заңын сақтамағаны үшін тарату туралы шешім қабылдады, сонымен қатар медицина қызметкерлері, үй шаруасындағылар мен кеншілерден құралған үш ілеспе өндірістік кәсіптік одақты да таратты. 2017 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанның оңтүстігіндегі Шымкент қаласының экономикалық соты Қазақстанның тәуелсіз кәсіптік одақтары конфедерациясын түпкілікті жабу туралы шешім шығарды. [13] Сонымен қатар, үкімет оған еншілес үш өндірістік кәсіптік одақтың қызметіне тыйым салды.

 

Саяси себептер бойынша қылмыстық істер қозғалған кәсіптік одақ белсенділеріне қарсы әрекеттер

Әділет министрлігі кәсіптік одақтардың тәуелсіз органдарын біржола жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін, билік ҚРТКОК басшысы Лариса Харьковскаяны және ҚРТКОК-ның мәжбүрлі түрде жабылуына қарсы наразылық акциясына қатысқан тағы екі кәсіптік одақ жетекшілері Әмина Елеусінова мен Нұрбек Құшақбаевты саяси астарлы қылмыстық істер бойынша қудалады.

 

2017 жылдың 7 сәуірінде Құшақбаев сотта заңсыз деп танылған ереуілге жұмысшыларды шақырған «қылмысы» үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. [14] Ол сондай -ақ 80 000 АҚШ доллары көлемінде материалдық шығын төлеуге міндеттелді және кәсіптік одақ қызметімен айналысуға екі жылға тыйым салынды. 2017 жылдың 16 мамырында тағы бір қазақстандық сот кәсіптік одақ жетекшісі Әина Елеусінованы қаржыны жымқырды деген саяси астарлы айыппен екі жылға бас бостандығынан айырды.[15] Сот оны 5 жылға кәсіптік одақ қызметіне қатысуға тыйым салып, 26 300 доллар шығын өтеуге міндеттеді.

 

2017 жылдың 25 шілдесінде Шымкент соты Қазақстан тәуелсіз кәсіптік одақтар конфедерациясының басшысы Лариса Харьковскаяны қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тақты. Оның қозғалыс бостандығын шектеді, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды және кез келген үкіметтік емес ұйымдарда, соның ішінде кәсіптік одақтарда басшылық қызметке тұруға бес жылға тыйым салынды.

 

Қазақстан билігі кәсіподақ жетекшісі Ерлан Балтабайды да қудалады, ол өз әріптестерінің тұтқындалуы мен сотталуынан кейін Қазақстандағы еңбек құқықтарына қатысты ашық позиция ұстанды. [16] 2019 жылдың 17 шілдесінде Шымкент соты Балтабайды кәсіподақ қаржысын жымқырды деген айыппен саяси негізде айыпты деп таныды және жеті жылға бас бостандығынан айырды. Оған жеті жылға азаматтық қызметпен, соның ішінде кәсіптік одақ қызметімен айналысуға тыйым салды. [17]  2019 жылдың тамызында президенттің оған кешірім бергенімен, 2019 жылдың қазанында қажетті айыппұлды төлемегені үшін бес айға бас бостандығынан айырылды. Оған кәсіптік одақ қызметімен айналысуға әлі де тыйым салынған.

 

Халықаралық шешімдер

Қазақстанда 2014 жылы кәсіптік одақ қызметін шектейтін заңның қабылдануы мен енгізілуі, кейінгі жылдардағы биліктің тәуелсіз кәсіптік одақтарды құруға жол бермеу жөніндегі іс әрекеттері халықаралық қоғамдастықтың, әсіресе Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) назарын аударды. 2015 жылдан бері Қазақстанды ХЕҰ конвенцияларына мемлекеттердің сәйкестігін тексеруге арналған ХЕҰ органы – Стандарттарды қолдану комитеті бірнеше рет тексеріп, сөгіс берді. Бұл комитет үкімет, кәсіподақ пен жұмыс берушілер ұйымының үшжақты органы болып табылады, олар жыл сайын халықаралық еңбек стандарттарын сақтамаудың кейбір аса ауыр жағдайларын қарастырады, Қазақстанның кейбір халықаралық серіктестері елдегі еңбек тәртібінің бұзылуы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

 

Халықаралық қауымдастықтың Қазақстандағы жұмысшылар құқығының жағдайына айтарлықтай негативті түрде назар аударуы нәтижесінде Қазақстанды жұмысшылар құқығының мәртебесіне қатысты кейбір сыни пікірлерге жауап беруге тура келді. 2018 жылдың мамырында Қазақстанда ХЕҰ-ның жоғары деңгейдегі мониторингтік миссиясы өтті, оның барысында кәсіптік одақтар туралы және басқа да проблемалы еңбек заңдарын реформалауға уәде берді. Екі жылдан кейін, 2020 жылдың мамырында, Қазақстан кәсіптік одақтар туралы заңға кәсіптік одақтарды тіркеудің нормативті-құқықтық базасын жақсартуға көмектесетін және мүшелікке міндетті талапты алып тастауға уәде етілген түзетулер қабылдады.[18]

 

Түзетулер заңнамадағы еңбек құқықтарының кейбір мәселелерін шешуге көмектескенімен, Қазақстан билігінің тәуелсіз жұмысшылар ұйымдарына деген теріс көзқарасы әлі де сақталуда. 2021 жылы 5 ақпанда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Отын-энергетика саласы қызметкерлерінің тәуелсіз өнеркәсіптік кәсіптік одағының (ОЭСҚТӨК) қызметін қазақстандық кәсіптік одақтар заңнамасына сәйкес тіркеуден бас тартты деген айыппен алты айға қызметін тоқтатты, бұл бірлестік бостандығы мен жұмысшылардың ұйымдастыру құқығына тағы бір ауыр соққы болды.[19]  Өнеркәсіптік одақ Қазақстанда әлі де белсенді жұмыс істейтін санаулы кәсіподақтардың бірі болды.

 

Қазақстандағы жұмысшылар ереуілге шығуға құқылы ма?

Ереуілге шығу құқығы Қазақстанның Конституциясы мен Еңбек кодексімен кепілдендірілгенімен, іс жүзінде жұмысшылар ереуілге шығу туралы мәселені қарағанға дейін күрделі және ұзақ медиация рәсімдерінен өтуі тиіс, бұл жұмысшылардың заңды түрде ереуілге шығуын қиындатады, ал кейбір жағдайларда тіпті мүмкін емес етеді. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстанда жұмысшыларды сот заңсыз деп таныған ереуілді жалғастыруға итермелейтін әрекеттері үшін қылмыстық жазалау шаралары енгізілді (Қылмыстық кодекстің 402 -бабы). 2020 жылдың мамырында Қазақстан құқық бұзушылық үшін санкцияның ең төменгі мөлшерін үш жылға бас бостандығынан айыруға дейін азайтты.

 

Осы жылдар ішінде Қазақстан мұнай-газ секторын қамтитын «қауіпті өндірістік объектілерде» жұмыс істейтіндердің, сондай-ақ «теміржол және азаматтық авиация қызметкерлерінің, медициналық қызметкерлер мен техникалық қызмет көрсету қызметкерлерінің, жеткізушілер (соның ішінде қоғамдық көліктегі, сумен жабдықтау, электр, жылу және байланыс саласындағы жұмысшылар)» ереуілдеріне жалпы тыйым салды. ХЕҰ-ның тұрақты қысымымен Қазақстанның Еңбек кодексіне 2020 жылдың мамырында өзгертулер енгізілді, қызмет көрсету саласы мен мұнай-газ қызметкерлеріне аз немесе үзіліссіз қызмет көрсеткен жағдайда ереуілге шығуға рұқсат беріледі.[20]

 

Заңды ереуіл ұйымдастыруда кедергілерді ескере отырып, жұмысшылар күрделі ұжымдық келісімдерден аулақ болу үшін өз наразылықтарын білдіруге іс жүзінде қысқа мерзімді ереуілді дұрыс деп санайды. Бұл оларды жұмыстан шығу қаупінен, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық қудалаудан сақтайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек,  2021 жылдың ақпанында жалақыны көтеруді талап еткен ереуілге қатысқаннан кейін Батыс Қазақстандағы мұнай компаниясынан оннан астам жұмыскерлері жұмыстан шығарылды. [21]  2021 жылдың сәуірінде Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшыларға жұмыс беруші ереуілдің «заңсыз» екенін айтып, олардың жұмыс орындарына баруын талап етті. [22]

 

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңға сәйкес, заңсыз ереуілге қатысқаны үшін кез келген жаза қылмысқа немесе жасалған кінәға пропорционалды болуы керек. ХЕҰ ереуілге қатысқаны үшін санкциялар ұлттық заңнаманың өзі бірлестік бостандығының халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жағдайда ғана қабылданатынын ашық айтты, бірақ бұл талап Қазақстанда сақталмайды.[23]

 

Жұмысшылардың мобилизациясынан жаңа үміт күтуге болады ма?

Жоғарыда аталған көптеген проблемаларға қарамастан, Қазақстан жұмысшылардың мобилизациясы жалғасуда. 2021 жылдың басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы шағын еңбек ұжымдары өз бетінше бейбіт шерулерді ұйымдастыру арқылы кәсіптік одақ құруға деген ұсыныстарын жариялау мүмкіндігі туралы ақпараттар көбейіп келеді.

 

Наурыз айында Батыс Қазақстанның Ақтөбе облысында ереуілге шыққан мұнайшылар өз мүдделерін қорғау үшін жаңа одақ құруға дауыс берді. Мамыр айында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтандағы құрылысшылар «Үміт» атты жаңа кәсіптік одақ ұйымының тіркелгенін хабарлады. Олар сайлаған кәсіптік одақ жетекшісі Қайрат Айдар «Азаттық» радиосына берген сұхбатында құрылысшылардың 2020 жылдың желтоқсанында қауіпті еңбек жағдайына қарсы ереуілінен кейін кәсіптік одақ құру туралы шешім қабылдағанын айтты.[24] Алматыда тамақ тасушылардың көпшілігі азық-түлік жеткізілімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейді, жалақының аздығына және жұмысшылардың жұмыстан босатылуына қарсы ереуілден кейін олар да кәсіптік одақ құру туралы шешім қабылдады. [25]

 

Жұмысшылардың кәсіптік одақтарды ұйымдастыру және біріктіру жөніндегі бастамалары билік органдарының Қазақстанда тәуелсіз кәсіптік одақтардың құрылуын басу және болдырмуға тырысқан әрекеттері аясында ерекше маңызға ие. Жұмысшыларды жалдаушы компаниялар да, қазақстандық билік те олардың іс-әрекетіне кедергі келтірмеуі тиіс. Керісінше  жұмысшылардың өз кәсіптік одақтарын ұйымдастыруына және тіркелуіне рұқсат етіп, ешбір қысымшылықсыз және қуғынсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

 

Қорытынды

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан үкіметінің тәуелсіз кәсіптік одақтарға қарсы әрекеттерінің  жалғасуы елдегі адам құқықтары мәселесіне дақ түсіргенімен, байыпты оптимизм сақталуда. Соңғы айларда елдің әр түрлі өңірлеріндегі жұмысшылар өз құқықтарын қорғау үшін ұйымдасуда. Халықаралық Еңбек ұйымы, жергілікті және халықаралық кәсіптік одақтар мен адам құқықтары жөніндегі органдар тарапынан ұзақ уақыт бойы елдегі кәсіптік одақтар құқығының шектеулі екенін сынға алуы Қазақстанды кәсіптік одақтар туралы заңнаманы реформалауға және басқа да бірқатар заңнамалық оң өзгерістерге итермеледі.

 

Ал Қазақстанға қысым азаймады. Стандарттарды қолдану жөніндегі комитет биылғы Халықаралық еңбек конференциясында Қазақстан бойынша ең ауқымды және нақты тұжырымдары мен ұсыныстарын жариялады. Сонымен қатар, комитет Қазақстан үкіметінен жағдайды бағалау үшін ХЕҰ-ның Қазақстанмен тікелей байланыс жасау қызметін ұйымдастыруды және Қазақстан үкіметінен келер жылғы конференцияға дейін «Конвенцияны сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы» комитетке есеп беруді сұрады».[26]

 

Қазақстанда жұмысшылар құқығының бұзылуын болдырмау үшін қажетті құқықтық реформа жасалуы керек. Қазақстанның халықаралық серіктестері, соның ішінде Еуропалық Одақ (және оған мүше мемлекеттер), Ұлыбритания мен АҚШ, елдегі болып жатқан еңбек заңдарының бұзылуына алаңдаушылық білдіруде және олар Қазақстан үкіметін халықаралық ұйымдарды құрметтеуге және Еңбек құқығының стандарттарын сақтауға шақыру арқылы қолдай алады[27].

 

Human Rights Watch (HRW) Қазақстан үкіметін қазақстандық заңнаманы адам құқықтарының халықаралық стандарттарына жақындату және тәуелсіз кәсіптік одақтар мен бірлестіктер құру үшін жағдайды жақсарту үшін келесі шараларды қабылдауға шақырады:

 

  • Халықаралық Еңбек Ұйымы Стандарттарды қолдану жөніндегі комитетінің 2015, 2016, 2017, 2019 және 2021 жылдары қабылдаған шешімдеріне толықтай сай болу;
  • Тәуелсіз кәсіптік одақ белсенділерін қудалауды тоқтату, соның ішінде Лариса Харьковская, Әмина Елеусінова және Ерлан Балтабайдың кәсіптік одақ қызметіне шектеулерді алып тастау;
  • Қазақстанның тәуелсіз кәсіптік одақтар конфедерациясын жабу және отын-энергетика саласы қызметкерлерінің өнеркәсіптік кәсіптік одақ ұйымының қызметін алты айға тоқтату туралы сот шешімінің күшін жою және ҚРТКК пен ITUFEW-ке тіркеуге және кедергісіз жұмыс істеуіне рұқсат беру;
  • Қылмыстық кодекстің «жұмысшыларды сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуға шақыруды» бірлестік бостандығына, ұйымдастыру құқығына және ереуілге шығу құқығына сәйкес келмейді деп санайтын 402-бабының күшін жою.

 

Mihra Rittmann, senior Central Asia researcher, leads Human Rights Watch’s work on Kazakhstan and Uzbekistan, covering a wide range of human rights issues including freedom of assembly, association, and speech. In recent years Rittmann has researched and written reports on labor and disability rights in Kazakhstan. She previously lived and worked in Uzbekistan and Kyrgyzstan, documenting the aftermath of the June 2010 ethnic violence in southern Kyrgyzstan and the persecution of Uzbekistan’s human rights defenders. Before she joined Human Rights Watch, Rittmann spent a year as a Fulbright Scholar in Moscow, collecting oral histories from former political prisoners of the Gulag, the Soviet prison camp system. Rittmann holds a master’s in human rights from the University of Essex and is a graduate of the University of Chicago. She speaks Russian.

 

Image by Francisco Anzola under (CC).

 

[1] Rittmann, Mihra, Striking Oil, Striking Workers: Violations of Labour Rights in Kazakhstan’s Oil Sector, HRW, September 2012, https://www.hrw.org/report/2012/09/10/striking-oil-striking-workers/violations-labor-rights-kazakhstans-oil-sector.

[2] Ibid.

[3] HRW, Kazakhstan: Appeals Hearing Should Vindicate Labour Rights, September 2011, https://www.hrw.org/news/2011/09/14/kazakhstan-appeals-hearing-should-vindicate-labor-rights.

[4] “Text of the speech of Nurdaulet Suindikov, the official representative of the Prosecutor General of the Republic of Kazakhstan” (“Текст выступления официального представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Суиндикова Нурдаулета”), Prosecutor General of the Republic of Kazakhstan, February 2012, http://prokuror.kz/rus/novosti2/?cid=0&rid=4302.

[5] HRW, Kazakhstan: Protect Detainees from Torture and Ill-treatment, December 2011, https://www.hrw.org/news/2011/12/22/kazakhstan-protect-detainees-torture-ill-treatment and HRW, Kazakhstan: Detainee Dies After Police Beating, December 2012 https://www.hrw.org/news/2011/12/22/kazakhstan-detainee-dies-after-police-beating.

[6] HRW, Kazakhstan: Oil Workers Convicted in Flawed Trial, June 2012, https://www.hrw.org/news/2012/06/04/kazakhstan-oil-workers-convicted-flawed-trial.

[7] HRW, Kazakhstan: Opposition Leader Jailed, October 2012, https://www.hrw.org/news/2012/10/09/kazakhstan-opposition-leader-jailed, and Human Rights Watch, Kazakhstan: Growing Crackdown On Free Speech, December 2012, https://www.hrw.org/news/2012/12/13/kazakhstan-growing-crackdown-free-speech.

[8] “It is necessary to establish legal responsibility for provoking labour conflicts – Nazarbayev” [“Нужно установить правовую ответственность за провоцирование трудовых конфликтов – Назарбаев”]. Zakon.kz, June 2012, https://www.zakon.kz/4500376-nuzhno-ustanovit-pravovuju.html.

[9] Rittmann, Mihra, We are Not the Enemy, Violations of Workers Rights in Kazakhstan, November 2016, https://www.hrw.org/report/2016/11/23/we-are-not-enemy/violations-workers-rights-kazakhstan.

[10] ILO Convention 87 stipulates laws should not “unduly affect organisational structure and composition of the unions.” ILO Freedom of Association and Collective Bargaining Training Sheet (copy on file with Human Rights Watch).

[11] See: HRW Report, We are Not the Enemy, Violations of Workers Rights in Kazakhstan, Restrictions on Freedom of Association and the Right to Organize, which details Kazakhstan’s restrictive new trade union law, https://www.hrw.org/report/2016/11/23/we-are-not-enemy/violations-workers-rights-kazakhstan#_ftn71.

[12] HRW interview with Larisa Kharkova, April 2016.

[13] HRW, Kazakhstan: Trade Union Shut Down, January 2017, https://www.hrw.org/news/2017/01/10/kazakhstan-trade-union-shut-down.

[14] HRW, Kazakhstan: Union Leader Jailed, April 2017, https://www.hrw.org/news/2017/04/13/union-leader-jailed-kazakhstan.

[15] HRW, Kazakhstan: Trade Union Leader Jailed, May 2017, https://www.hrw.org/news/2017/05/17/kazakhstan-trade-union-leader-jailed.

[16] Erlan Baltabay spoke on behalf of KNPRK during the 2017 review of Kazakhstan by the International Labour Organisation’s Committee on the Application of Standards in Geneva, Switzerland in June, 2017.

[17] HRW, Kazakhstan: Union Leader Jailed, July 2019, https://www.hrw.org/news/2019/07/19/union-leader-jailed-kazakhstan.

[18] HRW, Kazakhstan Adopts Long Promised Amendments to the Trade Union Law, December 2020, https://www.hrw.org/news/2020/12/17/kazakhstan-adopts-long-promised-amendments-trade-union-law.

[19] HRW, Kazakhstan: Independent Union Under Threat of Suspension, January 2021, https://www.hrw.org/news/2021/01/28/kazakhstan-independent-union-under-threat-suspension.

[20] Kazakhstan Labour Code, art. 176, 2-1.

[21] Zhursin, Zhanagul and Dilara Isa, “Workers are increasingly going on strike. What does it mean?” [Работники всё чаще выходят на забастовки. О чём это говорит?], Radio Azattyk, February 2021, https://rus.azattyq.org/a/31097676.html.

[22] Toiken, Saniyash, “The company proposed to striking workers in Zhanaozen to go back to work” [Бастующим в Жанаозене работникам компания предложила возобновить работы], April 2021, https://rus.azattyq.org/a/31216965.html.

[23] The CEACR has stated that “sanctions for strike action, including dismissals, should be possible only where strike prohibitions are in conformity with the principles of freedom of association.” CEACR: Direct Request concerning Freedom of Association and Protection of the Right to Organise Convention, 1948 (No 87) Kazakhstan (ratification: 2000), adopted 2003, published 92nd ILC session (2004), http://www.ilo.org/dyn/normlex/en/f?p=NORMLEXPUB:13100:0::NO::P13100_COMMENT_ID:2224882

[24] Zhoyamergen, Orken, “Capital builders registered a trade union to protect their rights” [Столичные строители зарегистрировали профсоюз для защиты своих прав], Radio Azattyk, May 2021, https://rus.azattyq.org/a/31265431.html.

[25] Mazorenko, Dmitriy, Kazakhstani couriers are pushing back against the gig economy, Open Democracy, June 2021, https://www.opendemocracy.net/en/odr/kazakhstani-couriers-are-pushing-back-against-gig-economy. See also: Mazorenko, Dmitriy, “Couriers of all Kazakhstani food delivery services create a union” [Курьеры всех казахстанских сервисов доставки еды создают профсоюз], Vlast.kz, May 2021,  https://vlast.kz/novosti/45043-kurery-vseh-kazahstanskih-servisov-dostavki-edy-sozdaut-profsouz.html.

[26] Committee on the Application of Standards, International Labour Conference, 109th Session, Geneva 2021, CAN/PV.CCL, June 2021, https://www.ilo.org/wcmsp5/groups/public/—ed_norm/—relconf/documents/meetingdocument/wcms_804447.pdf. See also: HRW, ILO Slams Kazakhstan for Longstanding Labour Rights Abuses, June 2021, https://www.hrw.org/news/2021/06/22/ilo-slams-kazakhstan-long-standing-labor-rights-abuses.

[27] The European Union, the United States, the United Kingdom, and Canada, all expressed concern about the lack of meaningful progress on labour rights in Kazakhstan during the June 2021 ILO Committee on the Application of Standard’s review of Kazakhstan. Previously, the European Parliament has twice endorsed the ILO’s conclusions. See: https://www.europarl.europa.eu/doceo/document/TA-8-2019-0203_EN.html.

Footnotes
    Related Articles

     Join our mailing list 

    Keep informed about events, articles & latest publications from Foreign Policy Centre

    JOIN