Skip to content

Қазақстандағы полиция кеттлингі (kettling)

Article by Tatiana Chernobil

September 30, 2021

Қазақстандағы полиция кеттлингі (kettling)

2021 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанда Алматы қаласының полициясы бірнеше ондаған бейбіт шеруге шығушыларды қоршауға алды. Наразылық акциясы қала басшылығына шеруді өткізу туралы алдын ала хабарлау қажеттілігі туралы заң талаптарын бұзған. Наразылық білдірушілер тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының (ҚДП) жақтастары мен мүшелері болды, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні 6 шілде – елдің астанасы Елорда күнінде шерушілер Қазақстанда қытайлық бизнестің кеңеюі мен Қазақстанның бұрынғы президентінің жеке басына табынушылыққа наразылық білдірді.

 

Өткен жылы ҚДП мен Қазақстандағы басқа да саяси қозғалыстардың митингтер өткізуге талпынысы дәл осылай – полиция кеттлингімен өтті. 6 шілдеде наразылық білдірушілер, соның ішінде мүгедек арбасындағы әйел де, митинг басталғаннан кейін, көп ұзамай басына балаклава және үстіне қара футболка киген, басында балаклавасы барлар мен «Полиция» деген жазуы бар оқ өткізбейтін сауыт киген спортшылардың құрсауында қалды. Қара киімді бұл адамдар бүкіл операция кезінде бірде-бір сөз айтқан жоқ. Полициядан «шара қолдануды» сұрамас бұрын, әдетте қалалық әкімшілік демонстранттарға митингінің заңсыз екенін еске салады, себебі олар ресми түрде алдын ала хабарлама жібермеген және пандемияға байланысты шектеулер сақталады.

 

Қазақстандағы кеттлинг әдетте үш сағаттан он сағатқа дейін созылады. 6 шілдедегі оқиға шамамен он сағатқа созылды. Акция барысында бейбіт шеруге қатысушылар егер бірден үйге кетуге келіспесе, қоршаудан босатылмады. Олардың көпшілігі сонда қалуды таңдады.

 

Осыдан алты ай бұрын, 2021 жылы 10 қаңтарда, парламенттік сайлау күні, наразылық білдірушілердің екі тобы Алматыда нөлден төмен температурада алты және сегіз сағатқа дейін қоршауда тұрды. Бұл ҚДП партиясын қолдаушыларының шағын тобы мен одан да аз ғана топ «Оян Қазақстан» жастар қозғалысы (Оян қазақ, Қазақстан). КДП жақтастарының тобына азық-түлік пен сусындарды беруге рұқсат етілмеді. Сегіз сағат бойы блокада кезінде олардың барлық достары немесе туыстары жасырын түрде бірнеше шағын бөтелке су мен бірнеше қағаз шыныаяқ ыстық шай ғана алып өтуге мүмкіндігі болса, Оян Қазақстан тобына достары көшеден тағамдар мен ыстық сусындарды еркін бере алды. Оларды босатуды сұрағанына қарамастан, екі топтың адамдары дәретханаға да бара алмады. Бұдан әрі шыдай алмай, КДП партиясындағы бірнеше әйел мен Оян Қазақстаннан бір ер азамат бәрінің алдында дәретке отырды. Полицейлер мұны байқаса да, ешқандай әрекет жасамады.

 

Қазақстанда полицейлер бұл кеттлинг тәсілін салыстырмалы түрде жақында ғана қолдана бастады, алғаш рет 2020 жылдың маусымында ҚДП жақтаушыларына сынап көрді. Бұрын рұқсат етілмеген бейбіт шерулер кезінде полицейлердің әдеттегі іс-әрекеті – барлық адамдарды полиция машиналарына қатыгездікпен отырғызып, полиция бөлімшелеріне апару болатын. Содан кейін оларды бірнеше сағаттан кейін босату немесе бейбіт шерулер туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғайтын. Кеттлинг, керісінше, ешқандай заңды негізсіз қолданылады: полиция адамдарды тоқтату мен тұтқындаудың әдеттегі тәртібін сақтамайды, ал шаршаған демонстранттарға соңында ешқандай ақы төлемей кетуге рұқсат етіледі. Шенеуніктер кеттлинг  тәсілін бейбіт шерудерді күшпен таратуға қарағанда адамгершілік әдіс деп есептейді. Шынында да, осы уақытқа дейін қоршауға алынған наразылық білдірушілерге қатысты белгілі бір іс қозғалған жоқ, бірақ бұл тәсілдің өзі гуманистік немесе заңды болып табылмайды.

 

Бұл жаңа тәсіл әу бастан-ақ адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық заңды бұзды. Қазақстанда заң бойынша полиция тарапынан азаматтың жеке бостандығын шектеуі іс жүзінде қамауға алу болып саналады және оған тек болған қылмыстың немесе қоғамдық тәртіпсіздіктердің алдын алу немесе жолын кесу үшін ғана рұқсат етіледі.[1] Алайда, осы уақытқа дейін Қазақстанда полицейлерді қудалаудың барлық жағдайында алдын алуды қажет ететін қылмыстар, әлеуметтік зорлық -зомбылық немесе тәртіпсіздіктер болған жоқ. Әрқашан наразылық білдірушілер тарапынан заң бұзушылық – олар өздерінің бейбіт шерулері туралы билікке алдын ала хабар бермеу болып табылды.

 

2020 жылғы желтоқсанның соңында Алматыда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінде саяси белсенділерді үш сағат бойы кеттлингте ұстағаннан кейін, Ішкі істер министрі наразылық білдірушілердің өздері тарқағысы келмейтінін мәлімдеді. Ол полицияның қандай заңға немесе ережеге сүйене отырып, бейбіт шеруге шығушыларды бірнеше сағат бойы көшеде тұтқында ұстағандарының заңдық негіздері немесе олардың неліктен тамақ, су алғызуға немесе заңгерді кіргізуге құқы болмағанын айтқан жоқ. Министр бұл кеттлинг тәсіліне наразылық білдірушілерге өздерінің заңсыз әрекеттері себеп болғанын, олар өздерінің бейбіт шерулері  туралы қалалық әкімшілікке алдын ала хабарламағанын айтты және Министр зардап шеккендерге бақылаушы органдарға шағымдануға кеңес берді.

 

Ол журналистке  2021 жылы 28 ақпанда біреуі Нұр-Сұлтанда және біреуі Алматыда (алматылық белсенділерге қатысты он жарым сағатқа бұғатталған) болған полиция кеттлингінің тағы да екі жағдайына түсініктеме бере отырып, мемлекеттік Омбудсмен  бұл қоғамдық тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін қолданылатын заңды шара және мұндай тактика басқа елдерде кеңінен қолданылатынын және оларға ЕҚЫҰ стандарттарымен рұқсат етілгенін мәлімдеді:

 

“«Бұл мәселе бойынша ЕҚЫҰ ұсыныстары бар. Бұл негізінен қауіпсіздік шарасы. Азаматтық қоғам белсенділерімен ашық талқылаудан кейін бұл құқықтық норма ретінде бекітілуі тиіс”.[2]

 

Шынында да, кеттлинг туралы ЕҚЫҰ-ның бейбіт шерулер бостандығын бақылау жөніндегі анықтамалығының жақында жаңартылған басылымында айтылған.[3] Бұл құқық қорғау органдарының қызметкерлері шеруге қатысушыларды қоршап, олардың қоршауға [және] ұстауға («кеттлинг» немесе «қоршап алу») негізделген [у] тобын бақылау стратегиясы» ретінде сипатталады.”[4]

 

Алайда, қазақстандық ресми өкілдер бұл нұсқаулықта кеттлингті норма ретінде пайдаланбауды қатаң түрде ұсынатынын, «тек бейбіт шеру кезінде зорлық-зомбылықты болдырмас үшін басқа мүмкіндік болмаған жағдайда» ғана қолдануды ұсынатынына назар аудармайды. ЕҚЫҰ-ның бағалауы бойынша, кеттлинг көбінесе кездейсоқ қолданылады және бұл бостандық пен қозғалыс еркіндігіне құқықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Нұсқаулықта БҰҰ-ның бейбіт шерулер құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы мен Ассоциациясы 2013 жылы кеттлингтің «таңдаусыз және теңсіз сипатына орай бейбіт шеру бостандығына құқықты іске асыруға зиянды екенін» атап өтті және бұл тәжірибеге қарсы шықты.[5]

 

ЕҚЫҰ-ның басқа «Полиция жиындарындағы адам құқықтары жөніндегі анықтамалықта» «тек бейбіт шерудің алдын ала хабарлау талаптарын орындамағаны үшін шерушілерге ешуақытта күш қолдануға болмайды және полиция күш қолданудан аулақ болуға тиіс, бейбіт шерулер заңсыз болса да, зорлық-зомбылық көрсетілмеуі тиіс»,- делінген.[6] ЕҚЫҰ -ға сәйкес бейбіт шерулерді бақылайтын бастапқы ереже – «жаман мінез-құлықпен күресуді күтпей, жақсы мінез-құлық танытуды көтермелеу».

 

Бұл Қазақстанның бейбіт шерулер бостандығына қатысты адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды алғаш рет қате түсіндуріуі емес. 2020 жылғы мамырда қабылданған «Бейбіт шерулер туралы» қолданыстағы заңда бейбіт шерулер пайдасына презумпция туралы айтылған, бірақ ЕҚЫҰ-ның бейбіт шерулер бостандығы жөніндегі негізгі қағидаларынан айырмашылығы, бұл принцип мемлекеттің негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Құқықтық немесе әкімшілік рәсімдер мен негізгі талаптар сақталмаған жағдайларда бейбіт шерулерге қатысты төзімділік пен ұстамдылықтың «міндеттемесі» болуы тиіс. Қазақстанда бұл халықтың жауапкершілігі және бейбіт, бірақ заңсыз шерулерге қарағанда заңды шерулерге артықшылық беруді білдіреді.[7] Тіпті бір адамдық бейбіт пикеттер, егер олар заңға сәйкес билікке алдын ала ескертусіз өткізілсе, олар таратылады.

 

Мәселен, 2021 жылы шілдеде Нұр-Сұлтанда ондаған полицей суретші Асхат Ахмедяров пен эко-белсенді Әлия Ахмалишеваны қоршауға алды. Белсенділер Қазақстанның батысындағы Бозжыра табиғи паркінің коммерциялануына наразылық білдірді, бірақ билікке алдын ала ескертусіз жасады.

 

Заңды қорғау үшін кеттлингтің тағы бір қайғылы оқиғасы 2021 жылы мамырда Нұр-Сұлтанда болды. Орынбековтер отбасы, яғни әкесі, шешесі мен кишкентай тоғыз жасар баласымен жергілікті биліктің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ешбір көмегі тимегеніне наразылық білдіру үшін президент әкімшілігіне шағым жасамақ болған кезде полиция қоршауға алды.

 

Бейбіт шеру бостандығы мен басқа да адам құқықтарын шектеу мақсатында мұндай заң бұзушылықтар авторитарлық мемлекеттерде жиі кездеседі. Бұл адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың Примов пен басқаларға қарсы Ресей үкіміне қатысты шешімінде жақсы көрініс тапты: «Дегенмен, қоғамдық жиналыстарды реттейтін ережелер, мысалы, алдын ала хабарлау жүйесі қоғамдық іс-шаралардың үздіксіз өтуі үшін маңызды. Себебі, билік жол қозғалысы ережелерін бұзуды барынша азайту және басқа да қауіпсіздік шараларын қолдану үшін оларды сақтау өзіндік мақсат бола алмайды”.[8]

 

Қазақстанда заңды қорғау полицейлердің бейбіт шеруге шығушыларға кеттлингті қолдануы арқылы өздерінің заңды бұзушылығына ресми ақталуына айналуда, бұл – ұлттық заңнамада жоқ тәсіл.

 

2021 жылы 11 маусымда өткен баспасөз брифингінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полицейлердің кеттлингті қолдануы туралы былай деді:

 

“Әр түрлі елдің заңдары мен әдістері де әр түрлі. Кеттлинг – бұл полицейлердің қоршау арқылы блокада жасаудың және бақылаудың әдеттегі стандарт тактикасы. Бұғаттауға қолданылатын әдістерге физикалық тұрғыда күш көрсету ретінде көлік құралдарын, темір қоршауларды және полиция қызметкерлерін қолдану жатады. Ол бүкіл әлемде қолданылады және бұл жаңалық емес.

 

Біз «кеттлинг» сөзін [қолданбаймыз], біз оны «бір топ адам қоғамдық тәртіпті бұзған жерді бұғаттау» деп атаймыз. Бұл тактика ішкі бұйрықтар мен нұсқаулықтарда егжей-тегжейлі жазылған.

 

Шынында да, біз бірнеше рет рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтетін жерлерді жауып тастадық, бірақ басқа елдердің полициясымен салыстырғанда біз суды, дыбыстық зеңбіректерді немесе басқа да оқ-дәрілерді пайдаланбадық. Әрқашанда біздің полицейлер атыс қаруынсыз, резеңке оқсыз және газ тапаншасыз тұрады және бұл заң бұзушылықтарды тек физикалық күш көрсетулермен басады.

 

Ешқандай азаптау болған жоқ. Біз барлығына қоршаудан шығып кетуге рұқсат бердік. Біз тамақ пен су ұсындық. Ешқандай зорлық болған жоқ. Мұндай жағдайларда әрқашан жедел жәрдем мен дәрігерлер болады».[9]

 

2021 жылы 10 қаңтарда Алматыда болған кеттлингті қолдану оқиғасынан кейін, кем дегенде төрт наразылық білдіруші жедел жәрдем шақырды, олардың бірі жүкті әйел, екіншісі дәретханаға баруға рұқсатты күтіп, есінен танып қала жаздаған 18 жасар қыз. Содан кейін  бірнеше наразылық білдіруші адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын, заңсыз тұтқындағанын және билікті асыра пайдаланғанын айтып, Алматы полициясына қарсы қылмыс туралы хабарлады.

 

Қазақстан заңнамасына сәйкес, полицейлердің әрекеттеріне қатысты істерді мүдделер қақтығысын болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тексереді. Бұл жағдайда наразылық білдірушілер полицияға қарсы қылмыстық іс қозғаған сәттен-ақ Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі оны полицияның өзіндік тәртіп қызметіне тапсырды. Ешқандай қылмыстық іс ашылған жоқ, себебі ішкі тексеруден бір ай өткен соң полицейлердің әрекетінде ешқандай заң бұзушылықтар табылмағанын және наразылық білдірушілердің ешқайсысы заңсыз әрекеттен зардап шекпегенін айтып, істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке қайтарды.

 

Полицияның әрекеті бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеуді ашудан бас тартқаны туралы наразылық білдірушілердің сотқа берген тағы бір шағымы нәтижесіз қалды. Сот полицейлердің қорытындысымен келісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қылмыстық іс қозғамау туралы шешімін өз күшінде қалдырды. Жоғарғы сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

 

Алматы полициясының ішкі тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне берген есебінде 2021 жылдың 10 қаңтарында әлеуметтік желілерде таралған Алматыда өтетін рұқсат етілмеген митингілер туралы ақпаратқа сүйене отырып, «қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақсыздығының алдын алу үшін» заңның орындалуын қамтамасыз етуге қалалық полиция 3482 полиция қызметкері мен 334 полиция автокөлігін жіберді. Есепте сол күнгі зорлық-зомбылық немесе тәртіпсіздік оқиғалары туралы ештеңе айтылмаған. Онда тек полицейлердің бағалауы бойынша сол күні «қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға» полиция кедергі келтірген бүкіл қала бойынша наразылық білдірушілердің жалпы саны жүзге жетпейтіні айтылды. Жүздеген бейбіт демонстранттарға қарсы үш жарым мың полиция қызметкерінің шығуы көптеген адам құқықтарының бұзылуына әкелді, бұл мемлекеттің бейбіт шерулерді жазалауы кезінде болатын жағдай.

 

Бейбіт шерулер туралы жаңа заң 2020 жылдың маусымында кеттлингтің ең алғаш қолдануы тіркелген күні күшіне енді. Бұл заң бейбіт шерулердің ұйымдастырылуы мен өткізілуін мұқият реттейді және ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шеру алдында және оның барысында не істеу керектігін түсіндіреді. Кез келген ауытқу осы заңды бұзу болып саналады және ескертуге, айыппұлға немесе он тәулікке дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер бейбіт шерулер билікке алдын ала хабарламай өтсе, жаза 15 тәулікке дейін ұзартылады. Бұл заң бастама ретінде ұсынылды, үкімет бейбіт шерулер енді биліктің рұқсатынсыз, бірақ қарапайым хабарлау процедурасымен өткізілуі мүмкін деп мәлімдеді. COVID-19 пандемиясы бұл заңды толық тексеруге мүмкіндік берген жоқ, бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл заң бейбіт шеру бостандығын насихаттау үшін емес, келіспеушілікті басу үшін қолданылады.

 

Полицияның кеттлингті қолдануы жөніндегі ұсыныстары әмбебап және түсінікті. Оларды ЕҚЫҰ-ның полиция жиындарына арналған Адам құқықтары жөніндегі нұсқаулығынан «Басқарудағы келіспеушіліктер мен зорлық-зомбылық» тарауындағы «Тарату» бөлімінен табуға болады. Негізгі идея – кеттлинг зорлық -зомбылықтың өршуіне жол бермеу үшін тек соңғы шара ретінде және агрессивті демонстранттарға қарсы қолданылуы керек. Қазақстан бейбіт шеруге щығушыларды басқаруда демократиялық полиция қағидаттарын ұстануға және адам құқықтары бойынша өз міндеттемелерін орындауға тиіс. ЕҚЫҰ мүше елдердің Ұйым стандарттарын адал қолдануын қамтамасыз етуі керек және ЕҚЫҰ атауын адам құқықтарының бұзылуын жасыру үшін қолданбау керек.

 

10 қаңтарда полицейлердің қысымынан зардап шеккендер БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне үндеу дайындауда.

 

Tatiana Chernobil is a human rights lawyer and independent consultant from Almaty, Kazakhstan. Tatiana specialises in human rights monitoring, advocacy, and training on issues of fundamental freedoms, non-discrimination, freedom from torture, police accountability, and others. Tatiana is a graduate of Adilet Law School in Almaty, Kazakhstan and of the International Human Rights Law Master Programme at Notre Dame University Law School Civil and Human Rights Centre in South Bend, Indiana, USA. Tatiana was a member of NPM in Kazakhstan in 2015-2017. She is an expert member of the Coalition of NGOs of Kazakhstan against Torture and a mentor at the Soros-Kazakhstan Foundation’s training courses for young human rights defenders.

 

Image by Upyernoz under (CC).

 

[1] See, for example, Normative Ruling #2 of the Constitutional Council of the Republic of Kazakhstan of April 13th, 2012 (https://adilet.zan.kz/rus/docs/S1200000002 in Russian only). In it the Constitutional Council ordered to consider “any restrictions on the freedom of a stopped person including on the freedom of movement such as forcefully containing someone in a certain place, forcefully taking them to a police station (capturing, locking in a room, enforcing to go somewhere or to stay still, etc.), as well as other actions that significantly limit one’s liberty, regardless of assigning that person any procedural status or of completing any other formal procedures” a de-facto arrest (italics added).

[2] Nurgul Tapaeva, Ombudswoman has called kettling a measure to promote security, Radio Azattyq, RFE/RL, March 2021, https://rus.azattyq.org/a/31127170.html

[3] OSCE, Handbook on Monitoring Freedom of Peaceful Assembly, Second Edition, December 2020, https://www.osce.org/odihr/monitoring-peaceful-assembly

[4] Ibid, page 54.

[5] Human Rights Council, Report of the Special Rapporteur on the rights to freedom of peaceful assembly and of association, Maina Kiai, United Nations General Assembly, June 2013, A/HRC/23/39/Add.1, para. 37, https://undocs.org/A/HRC/23/39/Add.1; OSCE, Handbook on Monitoring Freedom of Peaceful Assembly, Second Edition, December 2020, https://www.osce.org/odihr/monitoring-peaceful-assembly

[6] OSCE, Human Rights Handbook on Policing Assemblies, March 2016, page 62, https://www.osce.org/odihr/226981; Ibid, page 100.

[7] European Commission for Democracy Through Law (Venice Commission) and OSCE Office For Democratic Institutions and Human Rights (OSCE/ODIHR), Guidelines on Freedom of Peaceful Assembly (3rd edition), CDL-AD (2019)017re, Strasbourg / Warsaw, July 2020, https://www.venice.coe.int/webforms/documents/default.aspx?pdffile=CDL-AD(2019)017rev-e; Ibid, Point 21, page 9.

[8] European Court of Human Rights, Primov and Others v. Russia, 17391/06, June 2014, para 118, http://hudoc.echr.coe.int/eng?i=001-144673

[9] Bagdat Asylbek, [Minister] Turgumbayev on the Kettlings out in the Freezing Weather: There Have Been No Torture, People Just Wouldn’t Want to Leave, Radio Azattyq, RFE/RL, June 2021, https://rus.azattyq.org/a/31302246.html

Footnotes
    Related Articles

     Join our mailing list 

    Keep informed about events, articles & latest publications from Foreign Policy Centre

    JOIN