2020 және 2021 жыл пандемия мен карантинге байланысты болған оқшаулаулаудан бастап, уақыт сайын өзгеріп отырған бостандыққа шектеу мен оны жазалау шараларын өзгертумен есте қалуда.
Қазіргі кезде COVID-19-ға дейінгі кезеңмен салыстырғанда бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер ең қиын кезеңді басынан кешіруде. Шенеуніктердің, министрліктер мен ведомстволардағы және соттардағы жауапты тұлғалардың онлайн жұмысқа көшуіне байланысты ақпаратқа қол жеткізу, оны алу мен тарату нашарлады. Бұл шенеуніктерге брифингте журналистердің қолайсыз сұрақтарын жауапсыз қалдыруға, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтары мен жауаптарын үзуге, микрофондарды өшіруге, мемлекеттік тілдегі баспасөз-хабарламаларын кешіктіріп беруге және басқа да мәселелерге жол берді. Zoom платформасындағы онлайн-кездесуде әріптесінің микрофонын өшіруге байланысты басқа бір журналист тарапынан оны қайта қосуды талап еткен және олардың қатты наразылығын тудырған бірнеше жағдай орын алды. Журналист Серікжан Мәулетбайға қатысты іс «Әділ сөз» қорының мониторингінде көрініс тапты
Журналистер маңызды департаменттермен болған көптеген онлайн кездесулер кезінде тікелей сұрақ қою мүмкіндігінен айырылды. Журналистер сұрақтарды чатқа алдын ала жіберуі талап етілді, содан кейін кездесу кезінде модератор оларды оқып берді. Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар сұрақтарды өздері алдымен сүзгіден өткізді, сондықтан көбінесе «қолайсыз» сұрақтар модератор мен спикерлердің талқылауына қосылмады.
Журналистерге полиция тарапынан да шабуыл жасау жағдайы кездесуде. «Астана» мен «Информбюро» телеарналарының (олардың бірі – Бахром Абдуллаев) журналистері кешке қарай Шымкент облысында өрт болған жерге келіп, репортаж жасау кезінде полицияның шабуылына ұшырады. Көпшіліктің наразылығынан кейін полиция қызметкерлері журналистерден кешірім сұрады, полиция олардың ештеңенесін сындырмағанын және журналистерде арнайы кеудеше болмағандықтан қателік жіберілгенін түсіндірді. Осындай оқиға зергерлік бұйымдар шығаратын зауыттың жабылуына және оның басшысының қамауға алынуына наразылық білдірген ауыл тұрғындарының ереуілін түсіру кезінде дәл сол журналистерге полиция шабуыл жасаған.
«Азаттық» радиосының тілшісі Сания Тойкен – еліміздің әр түрлі және күрделі өңірлерінде жұмыс істеген және мол тәжірибесі бар журналист, Халықаралық әйелдер медиа қорының (IWMF) «Журналистикадағы ерлігі үшін» номинациясының жалғыз лауреаты. Полиция оны бірнеше рет ұрып-соғып, кәсіби қызметіне кедергі келтірді. Ол «Әділ сөз» қорының тілшісіне: «2020 жылдың 24 қазанында азаматтық киім киген орта жастағы ер адам менің телефонымды тартып алып, жерге лақтырды. Мен орнымнан тұрып, телефонымды қайтарып алу үшін оның артынан жүгірдім, себебі бұл корпоративтік телефон болғандықтан, мен оған жауаптымын, бірақ маған ешкім көмектеспеді. Мен одан телефонымды қайтаруды сұрадым. Содан кейін адамдар менің телефонымды бұл адамнан тартып алмақ болды. Көпшіліктің арасынан бір полицей мені танып, ол адамды жіберуді сұрады». Журналист телефонын полиция бөлімшесінде қайтарып алады, онда ол түсірген барлық бейнелер мен материалдар өшіріліп тасталған. Сонымен қатар, сараптама қорытындысы Сания сол оқиға салдарынан жарақат алғанын растады.[1]
2021 жылдың шілдесінде Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі С.Әзірбек Сәния Тойкенді «ұятсыз» деп атады, оның мінезін әдепсіз деп сипаттады және журналистің марқұм анасын қызына нашар тәрбие берді деп айыптады. WhatsApp арқылы бұл ауызша қақтығыс туралы журналист С.Әзірбектен де, олардың орынбасарынан да өз сұрағына жауап ала алмады. Сондай-ақ, оған бұдан былай ақпаратты тек журналистер көп жұмыс істейтін ресми байланыс арналары арқылы ала алатыны ескертілді.
Қарапайым азаматтардың ойы: Егер шенеуніктер мен полицейлер журналистермен бірге келісімге келмесе, онда олар бізге не үшін қажет?
2020 жылдың 9 маусымында «Azattyq Ruhy» ақпараттық-талдау порталының түсіру тобына, яғни журналист Ришат Асқарбекұлы мен операторға отбасылық қайғылы оқиға болған үйдің жанында әйелдер тобы шабуыл жасады (69 жастағы алматылық тұрғын. күйеу баласы мен қызын атып, содан кейін өзіне қол жұмсаған). Әйелдердің бірі журналистің қолынан телефонды жұлып алып, бар күшімен асфальтқа лақтырған. Содан кейін ол камераны алу үшін операторға шабуыл жасаған. Журналист пен түсірілім тобы полициямен хабарласып, шабуыл туралы мәлімдеме жасады. Дегенмен, журналистерге жасалған шабуыл қылмыстық жауапкершілікке сирек тартылады, ал полицияның журналистерге жасаған шабуылы мүлде жазаланбайды.
Карантин кезеңінде журналистерге қалалар мен облыстарды аралау қиынға соқты. Оларда тіпті редакциялық жолдама, журналистік мүшелік куәлігі немесе жеке куәлігі болса да, әкімдіктен, жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуға міндетті болды. Журналистерге жедел жәрдем мен науқастарды, тіпті емханадан тыс жерде де, суретке түсіруге немесе бейнеге түсіруге тыйым салынды. Қоғам вирус туралы, жұқтырғандардың саны, өлім мен сауығу, жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің болуы туралы нақты және дұрыс ақпаратты талап етті, бірақ журналистерге өте шектеулі немесе қате және қарама-қайшы ақпарат берілді. Қылмыстық кодекстің 158-бабында «Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау» туралы айтылғанымен, 2006 жылдан бері сотқа осы бап бойынша бірде-бір шағым түспеген.
Ranking.kz мәліметінше, 2020 жылы елімізде Интернетке қолжетімділіктің болмауына байланысты мұндай оқиғалар жиілеп кетті.[2] Соңғы бір жыл ішінде көрсеткіш 2,7 еседен астамға өсіп, 2000 оқиға тіркелді. Алдыңғы жылдардағыдай, рұқсат етілмеген наразылық акциясының қарсаңында және ереуіл кезінде Интернет бұғатталды.
Заңнамалық өзгерістер
Жала жабуға байланысты шара қолдану мәселесі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130-бабы) мәні мен мағынасын дәлелдеу мүмкін еместігіне, сондай-ақ сотталған жағдайда қолданылатын қатаң жазаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мене заң қоғамдастығында ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Әдетте, мұндай сот шешімі күшін жойған жоқ, жаза көбінесе ірі көлемдегі айыппұл түрінде немесе тіпті бас бостандығынан айыру түрінде де жасалады. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу ережесіне сай миллиондаған теңгені моральдық шығын ретінде өндіру мүмкіндігі де болды. Сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға шетелге шығуға шектеу қойылып, жұмысқа орналасуда қиындықтар туындауы мүмкін. «Әділ сөз» қоры Президенттен Жоғарғы Сотқа құқық бұзушылықтың бұл түрін Қылмыстық кодекстің орнына Азаматтық кодекске енгізу үшін жала жабуды декриминализациялау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсыруды сұрады.
Алайда, қоғамның – журналистердің, адвокаттардың және құқық қорғаушылардың күткеніне қарамастан, «жала жабу» Қылмыстық кодекстен әкімшілік заңға ауыстырылды. Заңды Бас прокуратура әзірледі. Енді журналистерді жала жапқаны дәлелденсе, оларға ауыр айыппұл салынады және 30 тәулікке дейін (үш жылдың орнына) бас бостандығынан айырылады. Учаскелік полиция қызметкерлері жала жабу істерімен айналысады, олар лингвистиканы мүлдем түсінбейді және әсіресе мәтінді түсінбейді, бұл белсенділер мен олардың отбасыларына қатысты әкімшілік сот шешімдерінің артуына әкелді. Мысалы, Маңғыстау облысының мұнай -газ өндіретін аймағында мемлекеттік қызметшіге қатысты интернетте өз пікірін немесе бағасын жағымсыз, бірақ шынайы түрде білдірген адамдар 180-ден 200 АЕК (500 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндетті, бұл шамамен 1 200 АҚШ доллары (салыстыру үшін: жұмысшылардың орташа жалақысы шамамен 70 000-80 000 теңге).
Қазақстан Республикасының 1999 жылдан бастап қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы, 2020 жылы енгізілген өзгертулерден кейін сөз бостандығына бюрократиялық бақылауды күшейтті. Қазіргі уақытта тоқырауға ұшыраған, кезінде 2017 жылы сол кездегі Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев уәде еткен цифрлық дәуірдің шындығына сәйкес келетін принципті жаңа заң бойынша жұмыс жүргізілуде (ол 2020 жылдың мамырынан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді). 2020 жылдың соңына қарай министрлік «Әділ сөз» қорына министрліктің мамандары бұқаралық коммуникациялар туралы заңның тұжырымдамасының жобасын әзірлегенін хабарлады, бірақ оның мәтінін ешқашан талқылауға жарияламады, бұл әдетте Президент Әкімшілігі мен Үкіметпен өзара келісімге келуді білдіреді.
Құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер, ІТ мамандары, зерттеушілер, журналистер мен адвокаттардың сараптамалық тобы 2020 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының Заңы (қысқарта айтқанда «Цифрлық технологияларды реттеу туралы») туралы мәлімдеме жасады және бұл азаматтық қоғаммен талқыланбай және пандемия кезінде қатаң тәртіппен қабылданды. Авторлар цифрлық технологиялар туралы заң жеке деректерді заңсыз бақылауға және таратуға жағдай жасайды деп санайды, себебі жаңа уәкілетті органның тәуелсіздігі, ашықтығы мен есептілігі жоқ. Олар бұл заңның дұрыс жазылмағанын және бұл хат алмасуды, желідегі трафикті және азаматтардың желідегі мінез-құлқын шамадан тыс бақылауға әкеліп соғуы мүмкін екенін, оның интернет-ресурстарына шектеу қоюды, сондай-ақ жұртшылыққа бұл мәселеге азаматтық бақылауды бермеуді талап ететінін айтады.
Үкімет жариялаған бұл өзгерістердің барлығы ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
Galiya Azhenova is Head of the Public Center for Expertise on Information Disputes at the Adil Soz International Fund for the Protection of Freedom of Speech. She has extensive experience in this position related to the organisation and preparation of linguistic research at the request of lawyers, journalists, individuals and legal entities for submission to court and law enforcement agencies to protect their rights. Together with her colleagues, she also works to monitor violations of the freedom of speech of the media and journalists. Previously she was connected with the state TV channel ‘Kazakhstan’, where for 20 years she worked as a journalist, editor and TV presenter in social programs and the news sector.
[1] CPJ, Kazakh police assault, injure journalist Saniya Toiken covering protests in Nur-Sultan, October 2020, https://cpj.org/2020/10/kazakh-police-assault-injure-journalist-saniya-toiken-covering-protests-in-nur-sultan/